Филиалдың сынақ орталығы мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімге сынақ жүргізуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген:

Машиналар, жабдықтар және механизмдер
Автокөлік құралдары:
– АТС конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін техникалық сараптама хаттамасын ресімдеу, оның ішінде газ баллон жабдығын орнату.
Минералды өнімдер
  • минералды шикізат және минералды шикізат өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері және концентраттар – радионуклидтерді анықтау).
Тамақ өнімдері
  • тамақ өнімдері;
  • ауыл шаруашылығы өнімдері;
  • азық-түлік өнімдері. Өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін сынау;
  • ауыл шаруашылығы өнімдері. Өнімнің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін сынау. Жем, құрама жем, құрама жем шикізатының сапасын анықтау, ЭҚЖ есептеу;
  • бөтелкедегі судың ЕАЭО ТР 044/2017 “Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы” (оның ішінде органикалық көміртекті анықтау) талаптарына сәйкестігін сынау.
Паспортты және сапа сертификатын ресімдеу мақсатында астықты, майлы дақылдарды және оларды қайта өңдеу өнімдерін сараптау
16.03.2015 ж. № 209 санитарлық ережелер талаптарына сәйкес ауыз су, жер үсті, табиғи суды талдау
Ағынды суларды талдау
Аттестация рабочих мест по условиям труда
Кәсіпорындарда өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі зертханалық зерттеулер мен өлшеулер
Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар
  • пластикалық құбырлар, полиэтилен құбырлары және т.б.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
  • жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері.
Металлургия өнімдері
  • металл өнімдері (әртүрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, болттар, түйреуіш гайкалар, мойынтіректер);
  • санитариялық-техникалық мақсаттағы өнім (ванналар, болат, эмальданған жуғыштар және т.б.);
  • резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбайтын бақылау);
  • құбырлар, өнеркәсіптік құбыр арматурасы, ысырмалар.
Халық тұтынатын тауарлар
  • ойыншықтар;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімдер және тұрмыстық химия тауарлары;
  • ыдыс-аяқ, пленка, қағаз және т.б.;
  • санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
  • жеке қорғану құралдары;
  • буып-түю ыдысы (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар) және басқа да халық тұтынатын тауарлар.
Тыңайтқыштар
  • минералды, органикалық және органоминералды тыңайтқыштар.
Электротехникалық өнім
  • конденсаторлар;
  • күзет-өрт жабдығы (пульттер, панельдер, консольдер, тарату қалқандары және электр аппаратурасына арналған негіздер);
  • радиотехникалық өнім (мониторлар, дыбыс жазғыш, дыбыс шығарғыш, калькуляторлар, қоректендіру блоктары және т.б.);
  • радиобайланыс құралдары, деректерді беру және хабарлау радиожүйелері;
  • электротехникалық, электр тұрмыстық және электрондық бұйымдар.

Құрылыс материалдарының сапасын бақылау саласында сынақ орталығын ұсынамыз:

  • үлгілерді қысу және майыстыруға механикалық сынау;
  • аязға төзімділікті анықтау;
  • асфальтбетон қоспаларының сапасын бақылау;
  • радиациялық бағалау;
  • лак-бояу материалдарының сапасын бақылау;
  • шатырлық, жылу оқшаулағыш бұйымдарды сынау;
  • құрғақ құрылыс қоспаларының сапасын бақылау және т.б.

Қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілуі, білікті кадрлардың болуы, ауқымды нормативтік-техникалық база сынақтарды сапалы және уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Сынақ орталығының бүкіл кезеңінде зертханааралық салыстыруларға қатысу бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Сынақ орталығы өнімге сынақ жүргізу бойынша әдістемелік көмек және өлшемдердің белгісіздігін бағалау бойынша практикалық көмек көрсетеді.