Филиалдың нормативтік құжаттарының анықтамалық – ақпараттық қоры нормативтік құжаттармен, нормативтік құқықтық актілермен, соның ішінде:

  • (ҚР СТ) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары;
  • (МЕМСТ) өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар;
  • (ҚР Қ, ҚР Ұ) Қазақстан Республикасының қағидалары мен ұсынымдары;
  • (ISO, IEC) халықаралық стандарттар;
  • (МЕМСТ Р, СТБ) РФ және РБ ұлттық стандарттары;
  • метрология бойынша нормативтік құжаттар;
  • Кеден одағының құжаттары;
  • нормативтік құжаттардың көрсеткіштері (жылдық және ай сайынғы).

Мамандар келесі қызметтерді тез және сапалы көрсетеді:

  • стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу;
  • нормативтік құжаттарды өзектендіру;
  • Қазақстан Республикасы ұйымдарының стандарттарын бекіту алдында әзірлеу және/немесе тексеру;
  • өнімге каталог парақтарын (ӨКП) жасау және/немесе тексеру;
  • өнімді өндіріске қоюға және стандарттаудың басқа мәселелеріне әдістемелік және практикалық көмек.